Ағымдағы жылдың қыркүйегінде университет клиникалары: отбасылық медицина клиникасы, стоматологиялық клиника және медициналық орталық аккредиттеуден өтеді.
Аккредиттеу медициналық қызметтердің сапасын бағалау, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде медициналық ұйым туралы алдын ала ақпарат алу және медициналық ұйымдарды түпкілікті нәтижеге шоғырландыру мақсатында жүзеге асырылады.
Аккредиттеу медициналық ұйымның белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігін растайды, сонымен қатар науқастардың мамандардан медициналық қызметтің тиісті сапасын талап ету құқығын жүзеге асырады.
Стандарттар медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасының халықаралық нормаларына негізделген. Қазіргі кезде медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасына жіті көңіл бөлінуде.
Бұл стандарттарға аурухана қызметкерлерінің науқастармен тікелей байланысы ғана емес, сонымен қатар персоналды оқыту, ресми өкілеттіктерді бөлу, клиниканы басқару және аудит принциптері, ғылыми-зерттеу қызметі, этикалық стандарттар және т.б. іс – шаралар кіреді
Аккредиттеу сертификатының болуы, әрине, қызмет көрсету сапасының жоғары стандартын, пациент үшін жайлылық пен қауіпсіздікті, медициналық ұйымның беделін, медициналық қызметтер нарығындағы бәсекелестікті және т.б. арттырады
Бұған дейін Ұлттық аккредиттеу орталығының маманын шақыртып, тексеру жұмысы жүргізілген болатын. Анықталған кемшіліктер мен проблемаларды жойылу сатысында Жол картасы әзірленіп, жауапты тұлғалар белгіленіп, қажетті қаржы ресурстары бөлінді.
Ағымдағы кезеңде кейбір мәселелер жойылды, кейбіреулері жою сатысында, ал кейбіреулері әлі шешімін күтуде.
Аккредитацияға дайындық барлық басшылардың, медициналық қызметкерлер мен қызметкерлердің, қолдау қызметтерінің және оқытушылардың көмегінің міндеттемесін талап етеді.
Сәттілік тілейміз!