Университеттің стоматологиялық клиникасының тарихы 2000ж. стоматологиялық факультеттің ашылуынан басталды, бұл тек екінші корпустағы екі оқу-емдік кабинет пен ҒЗЖЗО ғимаратындағы тістехникалық зертханасы болатын.
Стоматология кафедрасының жетекшісі м.ғ.к., доцент Умбетьяров Б.А тағайындалды. Емдік көмекті кафедра асисстенттері көрсетті: Жанабаева Г.Б., Уразова Р.М.,Таганиязова А.А., Акжарова Г.С.
2005 ж. стоматологиялық клиника кафедрамен бірге №3 жатақхананың 1 қабатына көшті.
Клиниканы ұйымдастыру жұмыстарының барлығы бірінші жетекші Кулмурзин Е. К. мойнында болды. Ол қысқа уақыт ішінде доцент Б.А. Умбетьяров, кафедра ассистенттері Жанабаева Г.Б., Уразова Р.М., Таганиязова А.А. бірге ғимараттың жөндеу жұмыстары мен жаңаруын ұйымдастырып, емхананы құрал-жабдықпен қамтамасыздандырып, ұжым қалыптастырып, клиниканы оқу, емдік жұмыстарға дайындап және ғылыми тексерістердің жоспарын құра білді.
Емхана салтанатты түрде 2005жылдың 01 наурызында ашылды. Клиниканы ҚР денсаулық сақтау Министрі Ерболат Досаев ашты. Ол уақытта емханада терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық кабинеттерде 5 кресло болды. Жаңадан оқу кабинеттерімен бірге рентген-кабинет, тіркеу орны, тістехникалық зертхана, қосалқы бөлімшелер, 40 орындық дәріс залы ұйымдастырылды.
Клиникада ашылу кезеңінен бастап дәрігер-стоматологтар Кулмурзин Е.К, Джаканов А.К., Жакенова М.Ж., стоматология кафедрасының асисстенттері, тістехникалық зертханада – тіс техниктері Токтагулов А., Каримов Ж. жұмыс жасады. Клиниканың ең алғаш медбикелері: Жаксыгалиева Б.А., Абиева Г.М., аға медбике Терекбаева С., рентген-лаборант Жумабаева Г.
Клиниканың жаңаруы мен кеңеюіне 2007-2008 ж.ж. клиника директоры болып жұмыс жасаған Аженова К.И., Жанабаева Г.Б үлкен үлес қосты. Бұл уақыт аралығында қосымша стоматологиялық құрылғылар, тіс техникалық құрал-жабдықтар алынды.
Стоматологиялық клиниканың өсуі мен өркендеуіне факультеттегі студенттердің көбеюі тағы да бір себеп болды. 2008 жылдың желтоқсанынан бастап БҚММА ректоры профессор Е.Ж.Бекмухамбетовтың шешімі бойынша Маресьва көшесі 76 орналасқан №4 жатақхананың 1 қабаты 12 орынға бөлініп, жаңартылды.
Клиниканың жетекшісі ретінде медицина ғылымының кандидаты, доцент, жоғарғы санатты дәрігер стоматолог Ураз Райса Мухадескызы тағайындалды.