- Uncategorised
- Просмотров: 8561
Дәрігер-стоматолог-терапевт Алмагамбетов Н.Р. |
Дәрігер-стоматолог-терапевт Сайнова К.К. |
Дәрігер-стоматолог-терапевт Майлыбаева А.А. |
Дәрігер-стоматолог-хирург Сисенгалиев А.А. |
Омарғали Азамат Еркінұлы - 2019 жылдың қаңтар айынан бастап стоматологиялық клиниканын директоры.Омарғали Азамат Еркінұлы, магистр, Master of Science in International Health.2014 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің стоматология факультетін үздік бітірді. 2014 жылдан 2015 жыл аралығында Марат Оспанов атындағы БҚММУ стоматология кафедрасында асисстент болып жұмыс жасады. Қазақстан тұнғыш Президентінің «Болашак» халыкаралық степендия бағдарламасының түлегі. 2017 жылы магистрлік диссертациясын қорғап, «Халықаралық Денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Хэйделберг ұлттық университетінде магистратура бітірді (Германия). 2017 жылдын қыркүйегінен бастап интернатура стоматологиясы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасында ассистент болып жасайды.
Изтлеуов Сагынтай Аскарович – 2009 жылы Марат Оспанов атындағы БҚММУ стоматологиялық факультетін бітірді. 2011 жылдан бастап Марат Оспанов атындағы БҚММУ стоматологиялық клиникасында бет-жақ хирургі болып жасайды.
Бауыржанқызы Әйгерім - 2018 жылы Марат Оспанов атындағы БҚММУ стоматологиялық факультетін бітірді. Қазіргі уақытта Марат Оспанов атындағы БҚММУ стоматологиялық клиникасында стоматолог-терапевт болып жасайды.
Муратова Гаухар Рамазановна - 2018 жылы Марат Оспанов атындағы БҚММУ стоматологиялық факультетін бітірді. Қазіргі уақытта Марат Оспанов атындағы БҚММУ стоматологиялық клиникасында стоматолог-терапевт болып жасайды.
Такешев Арман Талгатулы - 2016 жылы Марат Оспанов атындағы БҚММУ стоматологиялық факультетін бітірді. Қазіргі уақытта Марат Оспанов атындағы БҚММУ стоматологиялық клиникасында стоматолог-терапевт болып жасайды. 2016 жылы Алматы қаласында «Практическая эндодонтия» біліктілігін жетілдіру циклін өтті.
Орынбаева Самал Маратовна - 2018 жылы Марат Оспанов атындағы БҚММУ стоматологиялық факультетін бітірді. Қазіргі уақытта Марат Оспанов атындағы БҚММУ стоматологиялық клиникасында стоматолог-терапевт болып жасайды.
Жолаева Айнагул Сагиндиковна – 2011 жылдан бастап Марат Оспанов атындағы БҚММУ стоматологиялық клиникасында аға мейірбике болып жасайды.
Жаксыгалиева Баян Акболатовна - 1998 жылы Актөбе медициналық колледжін бітірді. Қазіргі уақытта Марат Оспанов атындағы БҚММУ стоматологиялық клиникасында мейірбике болып жасайды. І катергориясы бар.
Дәрігер Бауыржанқызы А. науқасты қабылдау кезінде Дәрігер Муратова Г.Р. науқасты қабылдау кезінде
Стоматологиялық клиниканың жетекшісі м.ғ.к, доцент, жоғарғы санатты дәрігер стоматолог Ураз Райса Мухадескызы 1987 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының стоматологиялық факультетін бітірді.
1987 - 1988 жылдар аралығында Орал қаласының облыстық стоматологиялық емханасында интернатураны оқыды. 1988 – 1994 жылдарда Чапай орталық аудандық ауруханасында дәрігер стоматолог болып жұмыс жасады.
1994 жылдың қарашасынан қазіргі уақытқа дейін университетте жұмыс жасайды, кафедра асисстентінен доцентке дейінгі қызметтерді атқарды.
2006 жылы м.ғ.д., профессор С.Р. Рузуддиновтың жетекшілігімен «Жүкті әйелдердің психоэмоционалдық жағдайы және оларға ортопедиялық стоматологиялық көмек көрсету ерекшеліктері» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады.
Ол 25 астам ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды жариялады, мемлекеттік және орыс тілдерінде студенттерге арналған бірнеше оқу әдістемелерді жарыққа шығарды.
2013 жылдың қазанында университеттің 55 жылдық мерейтойында ҚР ДСМ «ҚР денсаулық сақтау үздігі» төстік белгісімен марапатталды.
2014 жылдың 4 сәуірінде Ақтобе қаласында өткен «Стоматологиядағы заманауи технологиялар» атты VII халықаралық конференцияда Қазақстан стоматологиясының дамуындағы ерең еңбегі үшін КСА «Алтын белгісімен» марапатталды. 2001 жылдан бері «Қазақстан стоматологиялық бірлестігі» Ақтөбе филиалының директоры.
Университеттің стоматологиялық клиникасының тарихы 2000ж. стоматологиялық факультеттің ашылуынан басталды, бұл тек екінші корпустағы екі оқу-емдік кабинет пен ҒЗЖЗО ғимаратындағы тістехникалық зертханасы болатын.
Стоматология кафедрасының жетекшісі м.ғ.к., доцент Умбетьяров Б.А тағайындалды. Емдік көмекті кафедра асисстенттері көрсетті: Жанабаева Г.Б., Уразова Р.М.,Таганиязова А.А., Акжарова Г.С.
2005 ж. стоматологиялық клиника кафедрамен бірге №3 жатақхананың 1 қабатына көшті.
Клиниканы ұйымдастыру жұмыстарының барлығы бірінші жетекші Кулмурзин Е. К. мойнында болды. Ол қысқа уақыт ішінде доцент Б.А. Умбетьяров, кафедра ассистенттері Жанабаева Г.Б., Уразова Р.М., Таганиязова А.А. бірге ғимараттың жөндеу жұмыстары мен жаңаруын ұйымдастырып, емхананы құрал-жабдықпен қамтамасыздандырып, ұжым қалыптастырып, клиниканы оқу, емдік жұмыстарға дайындап және ғылыми тексерістердің жоспарын құра білді.
Емхана салтанатты түрде 2005жылдың 01 наурызында ашылды. Клиниканы ҚР денсаулық сақтау Министрі Ерболат Досаев ашты. Ол уақытта емханада терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық кабинеттерде 5 кресло болды. Жаңадан оқу кабинеттерімен бірге рентген-кабинет, тіркеу орны, тістехникалық зертхана, қосалқы бөлімшелер, 40 орындық дәріс залы ұйымдастырылды.
Клиникада ашылу кезеңінен бастап дәрігер-стоматологтар Кулмурзин Е.К, Джаканов А.К., Жакенова М.Ж., стоматология кафедрасының асисстенттері, тістехникалық зертханада – тіс техниктері Токтагулов А., Каримов Ж. жұмыс жасады. Клиниканың ең алғаш медбикелері: Жаксыгалиева Б.А., Абиева Г.М., аға медбике Терекбаева С., рентген-лаборант Жумабаева Г.
Клиниканың жаңаруы мен кеңеюіне 2007-2008 ж.ж. клиника директоры болып жұмыс жасаған Аженова К.И., Жанабаева Г.Б үлкен үлес қосты. Бұл уақыт аралығында қосымша стоматологиялық құрылғылар, тіс техникалық құрал-жабдықтар алынды.
Стоматологиялық клиниканың өсуі мен өркендеуіне факультеттегі студенттердің көбеюі тағы да бір себеп болды. 2008 жылдың желтоқсанынан бастап БҚММА ректоры профессор Е.Ж.Бекмухамбетовтың шешімі бойынша Маресьва көшесі 76 орналасқан №4 жатақхананың 1 қабаты 12 орынға бөлініп, жаңартылды.
Клиниканың жетекшісі ретінде медицина ғылымының кандидаты, доцент, жоғарғы санатты дәрігер стоматолог Ураз Райса Мухадескызы тағайындалды.