Стоматологиялық клиниканың жетекшісі м.ғ.к, доцент, жоғарғы санатты дәрігер стоматолог Ураз Райса Мухадескызы 1987 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының стоматологиялық факультетін бітірді.
1987 - 1988 жылдар аралығында Орал қаласының облыстық стоматологиялық емханасында интернатураны оқыды. 1988 – 1994 жылдарда Чапай орталық аудандық ауруханасында дәрігер стоматолог болып жұмыс жасады.
1994 жылдың қарашасынан қазіргі уақытқа дейін университетте жұмыс жасайды, кафедра асисстентінен доцентке дейінгі қызметтерді атқарды.
2006 жылы м.ғ.д., профессор С.Р. Рузуддиновтың жетекшілігімен «Жүкті әйелдердің психоэмоционалдық жағдайы және оларға ортопедиялық стоматологиялық көмек көрсету ерекшеліктері» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады.
Ол 25 астам ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды жариялады, мемлекеттік және орыс тілдерінде студенттерге арналған бірнеше оқу әдістемелерді жарыққа шығарды.
2013 жылдың қазанында университеттің 55 жылдық мерейтойында ҚР ДСМ «ҚР денсаулық сақтау үздігі» төстік белгісімен марапатталды.
2014 жылдың 4 сәуірінде Ақтобе қаласында өткен «Стоматологиядағы заманауи технологиялар» атты VII халықаралық конференцияда Қазақстан стоматологиясының дамуындағы ерең еңбегі үшін КСА «Алтын белгісімен» марапатталды. 2001 жылдан бері «Қазақстан стоматологиялық бірлестігі» Ақтөбе филиалының директоры.
Әкімшілік
- Uncategorised
- Просмотров: 1329